AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесиеге қалай өтініш беруге болады: Қазақстандықтарға 4%-пен көлік алудың жолы айтылды

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысқысы келетін қазақстандықтарды автосалондарда кезекке байланысты алаяқтық болмайды деп сендірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз азаматтарымыздан дүрлікпеуді сұраймыз. Қазір бүкіл Қазақстан бойынша бағдарламаға сәйкес, автокөлікті таңдауға және брондауға келген азаматтар бар. Жалғыз нәрсе бағдарламаға қатысатын барлық банктер өтінімдерді қабылдауға дайын екендігін жарияланған кезді күту керек. Автокөліктерге тапсырыс берген барлық азаматтармен байланыстамыз. Азаматтарға кезек тәртібіне сәйкес көлікті алуға болатыны хабарланады", –  деді Мақашева.

Ол бағдарлама ашық жұмыс істейтініне және автосалондардағы көліктер кезегіне тұруда "алаяқтық" болмайтынына сендірді. 

"Кезекте алаяқтық болмайды. Әрбір автосалон алдын ала сатып алу-сату шарты бойынша немесе автосалонда брондаған азаматтардың тізімі және қандай жиынтықтамасы бар соған қарайды. Бүкіл процесс түсінікті болу үшін алдымен азамат автосалонға келіп, менеджерге дәл осы көлікті қалайтынын айтып, растауы керек. Егер тұтынушыға бір нәрсе ұнамаса немесе процесс түсініксіз болса, ол әрдайым дилерлік қолдау қызметіне жүгіне алады", – деді ол.

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесие бір адамға екі жыл ішінде бір-ақ рет беріледі.

Сонымен қатар бағдарламаның биылғы ерекшелігі көлік алу үшін VIN-код арқылы кезекке тұру көзделген. 



"Алдымен көлік алушы автосалонға барып ала алады. Егер қолда болмаған жағдайда автосалонда электрондық кезекке тұрады. Кезегі келгенде барып қана екінші деңгейлі банкке барып несие алады", – дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті. 

Сондай-ақ ол жыл аяғына дейін елдегі бүкіл автосалондарға отандық көліктер жеткізілетінін айтты. Оған елдегі өндірушілердің қабілеті жетеді. 

"Автосалондарда көліктер бар. Былтыр біздің Hyundai Trans Kazakhstan және "СарыарқаАвтоПром" дейтін екі өндірушіміз жалпы көлемде 90 мыңдай көлік өндірген болатын. Биыл өндіріс көлемі 20 пайыз өседі деген болжам бар. Сонда жыл аяғына дейін Қазақстан қалаларындағы автосалондардың бәрінде көлік болады деп топшылап отырмыз. Қазір әрбір автоөндіруші өздері электронды кезек түзіп жатыр. 4 пайыздық несие алушы Қазақстан аумағындағы авиосалондарға келіп, таңдай алады. Яғни адам өзі сатып алғысы келетін көлікті таңдайды. Содан кейін таңдалған көлік қашан дайын болатынын айтады. Ай сайын өндірістен автосалондарға келіп түсетін көліктер сол тұтынушылардың VIN-код көрсетілген есептесу парағы бойынша үлестіріледі. Бұл ереже бүкіл автосалондарға ортақ", –  деді Анар Мақашева.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беру басталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр