AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие: Бір күнде 2200-ден аса қазақстандық өтініш білдірген

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша бір күн ішінде 2200-ден аса қазақстандық көлік алуға өтініш білдірген. Бұл туралы ИИДМ индустриалды даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: zhaikpress.kz

Бұл әзірге жұмысты бастап кеткен екі банкке түскен өтініштер саны ғана. Тағы екі банк осы аптаның ішінде қатарға қосылады.

"Өтінімдерді қабылдауды кеше бастадық. Екі банк - ЦентрКредит Банкі және Еуразиялық банк - автонесиелеу бойынша өтініштерді қабылдай бастады. Екі банкке 2200-ден аса өтініш түсіп, қазір өңделу үстінде. Қалған екі банк бойынша корпоративтік жұмыстар аяқталуда. Процедуралар аяқтала салысымен, жақын арада олар да кіріседі", - деді Сапарбеков.



ЦентрКредит Банкі 1000-нан аса, ал Еуразиялық банк 1200-ден аса өтініш қабылдаған. Сондай-ақ жақын арада бағдарламаға қатысатын банктер қатары көбеюі мүмкін. Қазіргі уақытта келіссөздер жүруде. 

Еске сала кетсек, жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы 16 мамырда басталды. Оның шарты бойынша кез келген қазақстандық автомобильді жылдық 4%-пен сатып ала алады.

Автонесие 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға және 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна 0%-тен басталады. Көліктің жалпы құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бағдарлама бойынша төрт банк өтініш қабылдайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр