Баланың ернінен сүйген әйел көпшіліктің ашуын туғызды: Полиция баланың анасын жауапқа тартты
Әлеуметтік желіде ересек әйелдің көлікте отырып кішкентай баланың ернінен сүйген видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Желі қолданушылары әйелді жерден алып, жерге салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жазба авторы видеоны жариялау-жарияламау туралы ұзақ ойланған. Оның сөзінше, бұл кадрларды Threads желісінен көрген. Видеодағы адамдарды да, оқиғаның нақты қалай болғанын да білмейді.
"Бірден айтайын: мен ешкімді айыптап немесе кінәлағым келмейді. Бәлкім, бұл отбасы үшін жай ғана бір сәт шығар, олар бұл жағдайды мүлде басқаша қабылдайтын болар. Бірақ менің ойымша, бұл енді шектен шыққан жағдай. Мәселе видеода ғана емес. Кейде ересектердің балаларға және олардың жеке шекарасына қалай қарайтынында", – деп жазды ол.
Видео әлеуметтік желіге тарап кеткен соң баланың анасы бейнежазбаның қызық үшін түсірілгенін айтып, автордан видеоны өшіруін талап етті.

Полиция видеодағы әйелді анықтаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның жасы 23-те. Сондай-ақ ол баланың анасының құрбысы болып шыққан.
“Қазір қызға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдары болған жағдайға құқықтық баға береді", – деп хабарлады Астана қаласы Алматы ауданының полиция басқармасы.
Полиция баланың анасына қатысты да шара қолданылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, әйел болған жағдайды өзі телефонға түсірген. Ол баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Үш баласы да АҚШ университеттеріне түскен қазақстандық әке бала тәрбиесіндегі 15 қағидасын атады
Әкесі: “Кәмпит, балмұздақ, тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға да уақыт шектеулі”
"Соғысқа жіберуге 3 күн қалды": Ресейде жүрген қазақстандық жігіттер көмек сұрады
Олар 10-нан астам күннен бері қайта алмай отыр