Қыдырәлі Болманов шұлық өндірумен айналыса бастады (фото, видео)
Бірнеше кәсіпті дөңгелетіп отырған Қыдырәлі Болманов тағы бір істі қолға алды. Танымал продюсер әрі кәсіпкер енді шұлық өндірумен айналыспақ ниетте.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Отандық фабрикада шығарылатын шұлыққа Болманов “Бал-бала” брендінің атауын беріпті.
Кәсіпкердің айтуынша, 100% таза мақтадан жасалатын шұлық Шымкент фабрикасында өндіріледі. Сондай-ақ, шұлықтардың арнайы бөбектерге, мектеп оқушыларына арналған топтамасы бар екенін айта кеткен жөн.
Болманов елді сапалы өнім шығарып жатқанына сендіру үшін барын жасайтынын айтты.
Айта кетейік, аталған брендпен Қарақаттың жары Қазақстанда жасалған ойыншықтар, одан кейін этно-алаң (ішінде киіз үй пішіндес батут орнатылған) ашқан болатын.
Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы: Ер болып жаралсам, гей болар едім
Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті (видео)
5500 теңгеден бастап: Құралай Нұрқаділова арзан киімдер сата бастады
Анасының қызы: Айару Бақытбектің купальникпен түскен суреті желіні шулатты