Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құдай ешкімнің басына осындай азапты салмасын": Елбасы жылдар бойы мазалаған жан азабын айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жылдар бойы мазасын алған жан азабы туралы айтып берді. Бұл туралы елбасы Хабар арнасында көрсетілген "Штрихи к портрету" деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Анамның ауыруы. Ол мені қалай жақсы көргені есімде. Анасы ұлын бүкіл жан-тәнімен сүюі керек, сонда ол жетістікке жетеді. Ол мені басқа балаларынан артық жақсы көрді және оны айтудан қысылмады. Ол мені өз өмірімнен артық көретінін сездім", - деді елбасы.

Назарбаевтың ата-анасы Алматыда, ал өзі Теміртауда тұрған. Онда облыстық партия комитетінің хатшысы болған. Анасы одан үнемі Алматыға қашан келетінін сұрайтын. Бірақ сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев отбасы құрып, саяси мансабын бастаған еді. Алайда, кандидатурасын мақұлдау үшін Мәскеуге барар алдында ол туған үйіне соққан.

"Ол орнынан тұра алмай жатты. Мүлдем тұра алмады. Мен отырдым, қоштастым, "қазір кетемін, содан кейін ораламын" дедім. Ол осылай айтты: "Біз енді бір-бірімізді көрмейміз", - деп өткен шағын еске алды елбасы. 

Бұл ретте Назарбаев анасының Мәскеуге шығарып салу үшін орнынан тұрғанын атап өтті.

"Дәрігерлер оның тұра алмайтынын айтты, бірақ ол орнынан тұрды, мені шығарып салу үшін верандаға шықты. Біз сол жерде отырдық, маған бірнеше сөз айтып, сүйіп, батасын беріп, қарындасыма қамқор болуымды өтінді. Қазір мен бәрін тастап, оның жанында отыруым, оны аялап, емдетуім керек еді деп ойлаймын. Бұл мені әрдайым қатты мазалайды", - деді елбасы.

Назарбаев Мәскеуде жүргенде анасы бақилық болған.

"Қайтып келіп, жерледім. Жыл сайын туған күніме дейін оның қабіріне барамын - қазір де солай. Әкем жанында, бірге жерленген. Ол әкемнен 6 жыл ұзақ өмір сүріп, дүние салды. Қарапайым адамдар болды, еш жерде оқымады, бірақ сөзбен, іс-әрекетпен даналық көрсетті", - деп еске алды ата-анасын елдің тұңғыш президенті.

Ол бұл азаптың басылмайтынын атап өтті.

"Менің ойымша, қазір де оны жерлеген сәтімде тұрмын. Құдай ешкімнің басына осындай азапты салмасын", - деді ол одан сұхбат алған журналистке.

Талқылау
Пікір
Талгат
13 Нау, 21 жыл - 13:17

Ананызды Акенизды алдынан жарылкасын алла 

Сиз мыктысыз