Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күштеп айналдырып, тұншықтыра бастады": Медеуде зорланған жасөспірім оқиғаның қалай болғанын айтып берді

«Медеу» мұз айдынында зорланған жасөспірім оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Сондай-ақ, ол өзін зорлаған ер адамның отбасының қоқаң-лоқы көрсетіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зорланған қыз

16 наурыз күні Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынындағы әжетханалардың бірінде ер адам 16 жастағы қызды зорлаған болатын. Қылмыскер Асылан Құрманәлі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 300 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелді.

Осы орайда жәбірленуші қыз басынан өткен оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сондай-ақ, ол әлі күнге дейін қылмыскердің әйелінің өзін түрлі жолмен қорқытып жүргенін жеткізді. 

«Мен есікті ашпақшы болдым. Ер адам менің артымнан дәретханаға кірді. Мен «Не істеп жүрсің?» деп едім, ол мені күштеп айналдыра бастады. Кейін тұншықтыра бастады. Көзім қарауытып, талып бара жатқанымды сездім. Оның шалбарымды шешіп жатқанын білдім. Бірнеше минуттай ес-түссіз жаттым. Ол менің есімде ешнәрсе қалмайды деп ойлаған шығар. Кейін өзінікін жасап, 2-3 рет тұншықтырды», - деді 16 жастағы қыз. 

Ол, сондай-ақ, өзін тұншықтырып жатқан кезде абайсызда тілін тістеп алғанын жеткізді. Айтуынша, мұның барлығы іс материалдарында жазылған. 

Жәбірленген қыз әлі күнге дейін өзін зорлаған азаматтың әйелі түрлі жолмен қорқытып жүргенін айтты. 

«Оны жауып алып кеткен күні әйелі мен досы келіп, мені күзете бастады, отырды. Мен шығып көрген кезде шок болдым. Менде олар жазған хаттар бар. Сол хаттарда мені қорқытқан сөздері бар. Маған қоңырау шалатын кездері де болады. Бүгін де соттың алдында қоңырау шалды. Кеше де келіп, 120 мың ұсынды», - дейді жәбірленуші. 

«Немолчикз» қоғамдық қорының директоры Алмат Мұхамеджанов олардың үстілерінен арызданғанын айтты. Алайда кісі өлтіру секілді ауыр қылмыс жасамағандықтан, оларға қатысты қандай да бір шара қолданылмайтынын айтты. 

«Біз олардың үстінен арыздандық. Оларға қорғау нұсқамасын ғана жазып бере алады. Яғни бұл олардың жәбірленушіге жақындамауы үшін жасалады. Әзірге ауыр бап бойынша сотталмайды. Өйткені қандай да бір кісі өлтіру деген секілді қылмыс жасап отырған жоқ. Бұл жерде заң көмектесе алмайды», - деді қор президенті. 

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласындағы "Медеу" мұз айдынының дәретханасында жас қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шыққаны туралы хабарлаған едік


Қыз зорлағаны үшін 3,5 жыл - бұл соттың құрыған жері: Қазақстандықтар қылмыскерге тағайындалған жазаға наразы >>>
Талқылау