Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз зорлағаны үшін 3,5 жыл — бұл соттың құрыған жері: Қазақстандықтар қылмыскерге тағайындалған жазаға наразы

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі бүгін соты болған Аслан Құрманәлі мерзімінен босап шығып жатқан жағдайда тиісті органдар мен мекемелердің көмегіне жүгінетінін айтты. Себебі, азамат 9 жыл ішінде жеті рет істі болып, жазадан сытылып кетіп отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Медеуде қыз зорлаған

«Балақай ренжіп қалған сияқты. Соған қарағанда аз берген болар! Бүгін бұл жан залға БАҚ өкілдерінің келгеніне реніш білдірді. Ол өзінің құқығын, үйінде үш баласы мен жүкті әйелінің бар екенін есіне түсірген екен. Сот залында шу шығарды. Сотты сыйламайтыны түрінен-ақ көрініп тұр. Алайда судья Шәкіров оны сот залынан қуып шықты және бұған түсініктеме бермеді. Әрине, бұл өз еншісіндегі дүние. Алайда біздің де құқығымыз бар және мұны міндетті түрде пайдаланатын боламыз», - деп жазылған Немолчи парақшасы жариялаған жазбада. 

Әрі қарай жазба авторы мемлекеттің 9 жылда 7 рет әртүрлі деңгейдегі қылмыс жасаған азаматты неге әрдайым жеңіл жазамен жіберіп отыратынына таңғалғанын жазды. 

«Маған мемлекетіміздің мұндай жандарға гуманизм танытатыны қатты ұнайды. 9 жылда жеті рет сотты болған. Ал әкімшілік заң бұзушылықтардан бас бостандықты шектеу, екі жақтың татуласуы және шартты түрде мерзімінен бұрын босату сынды жазалар алып отырған! Бұл жолы біз жоғарғы сотқа дейін барамыз, петициялар жазып, халықаралық соттың көмегіне жүгінеміз. Ай сайын жәбірленуші қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне бұл азаматты мерзімінен бұрын босатпау туралы талап арызын жазатын болады», - деді Дина Таңсәрі. 

Сондай-ақ, ол осы хаттарды архивте сақтайтынын айтты. Қыз зорлаған азамат мерзімінен бұрын босап шықса немесе рақымшылыққа ілінсе, оны босатушылардың үстінен арызданатынын айтты. 

«Оның еншісінде үш зорлау, тонау, бүлік шығару, алаяқтық істері бар. Ал бұл істерді қарау үшін бюджеттің көптеген қаржысы кетті. (...) Алик Шпекбаевтан А. К. Құрманәлінің барлық қылмыстық ісін қарап шығып, жемқорлық болған-болмағанын тексеруді сұраймыз. Ресми құжатты міндетті түрде жібереміз. Сондай-ақ, ол жерде міндетті түрде іс материалдары болады», - деді ол. 

Сөз соңында құқық қорғаушы өзін қылмыскердің әйелінің қорқытып жатқанын айтты. 

«Айтпақшы, мен оның әйелінен қорқа бастайын ба? Ол Елбасымен, бас прокурормен байланысы бар екенін және жуырда #НеМолчиKZ жабылатынын айтты", - дейді Дина Таңсәрі.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде соттың бұл шешіміне ашулы екенін жеткізді.

«Егер адам бір емес, бірнеше мәрте мерзімінен бұрын босап шығып жатса, таныстары жоқ деп айту қиын», «Әйел адам қалай «Немолчидің» болмауын талап ете алады. Ол – бүгінгі таңда әрқайсымыздың үмітіміз», «Жалпы ситуация шектен шыққан сияқты. Рецидивиске 3 жыл ғана беріп отыр.

Жұмыстарыңыз үшін рахмет. Сіздерден жаңалық күтеміз», «Әлгі әйел мұндай азаматқа қалайша бала туып беріп жүр? Оның басы жасай ма?», «Біздің жүйенің жұмысына қарап жылағың келеді», «Қыз зорлағаны үшін 3,5 жыл – бұл соттың біткен жері» деп жазды желідегілер. 

 

«Еуразия бірінші» арнасының хабарлауынша, судья сот үкімін оқырдың алдында ер адам айналасындағыларға боғауыз сөздер айтып, оғаш қылықтар жасаған. Сотталушы телеоператорларға шабуыл жасаған. Осыдан кейін судья оны залдан шығарған. 

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласындағы "Медеу" мұз айдынының дәретханасында жас қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шыққаны туралы хабарлаған едік

Талқылау