Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіленді (фото)

Танымал отандық дизайнер Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынды. «Казкоммерцбанкке» қарыздар болған Нұрқаділованың жеке мүлкі сатылымға шығарылды.

28398ae01b9ae0216b90a53ff94b2799-big

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жалпы ауданы 0,1366 гектар жерді құрайтын үйдің шаршы метрі 283,8. Дубок ауданында орналасқан үйдің сатылымы 7 қыркүйекке белгіленді. Нұрқаділованың үйі шамамен 109 миллион теңгеге бағаланып отыр. Бұл туралы Бірыңғай электронды сауда алаңында айтылған, деп хабарлайды 101tv.kz.

1472018011_pzzd7v4

Мәліметтер www.eauc.kz сайтынан алынған

Айта кетейік, қазақстандық сәнгер бірнеше жылдан бері банкпен соттасып келген. Нұрқаділова 2006 жылы банктен несие алғанын, ал банктің 44 мың долларды заңсыз қосып қойғанын хабарлаған болатын. Өткен жылдың наурызында Құралай Нұрқаділова Жоғарғы сот процесінде жеңіске жеткен еді. Алайда іс қайта қаралған соң, Алматы қалалық сотында танымал сәнгер жеңіліске ұшырады. Қазіргі таңда қарызды қайтару ісімен ҚР Әділет Министрлігі сот актілерін орындау Комитетінің Алматы қалалық сот актілерін орындау департаменті айналысып жатыр.

Құралай Нұрқаділова – мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы.

Жіберіп алмаңыз: 

Құралай Нұрқаділова Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасына өз нұсқасын ұсынды

Құралай Нұрқаділова жас кезіндегі суреттерімен бөлісті

 

Талқылау