Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құдайдан қорықсаңшы: Рамазан айында жартылай жалаңаш киінген Луина қатаң сынға қалды

Желі оқырмандары қасиетті Рамазан айында ашық-шашық киінген Луинаны қатаң сынға алды. Олар кім қалай киінсе де, өзі біледі бірақ, жылына бір рет келетін Рамазан айына құрметпен қарау керек екенін айтып, ашулануда.

Құдайдан қорықсаңшы: Рамазан айында жартылай жалаңаш киінген Луина қатаң сынға қалды

Бұл даудың бәрі Луинаның Инстаграм парақшасында жарияланған суреттен басталды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі әнші Луина желідегі парақшасына Рано Омаровамен түскен суретін жариялап, өзін Раноның баласының “кіндік шешесі” екенін жазды. Алайда, жартылай жалаңаш киінген әншіні оқырмандар сынға алды. Біреулері, оның киімін сынаса, басқалары ана деген сөзді жазбас бұрын, оған лайық болу керектігін айтты.

Құдайдан қорықсаңшы: Рамазан айында жартылай жалаңаш киінген Луина қатаң сынға қалды

«Тыржалаңаш қазақ қыздары ақыр заманның белгісі. Ана деген қасиетті сөзді айтпас бұрын, алдымен қарапайып көрінген дұрыс болар деп ойлаймын. Иә, сіз дене бітімі сымбатты, сұлу қызсыз. Бірақ, жартылай жалаңаш суреттеріңіз сізді тым төмендетіп, арзан көрседі»,- деген пікірлер қалдырған оқырмандар.

«Луина қалай көрініп, қалай киінесіз, ол әрине біздің шаруамыз емес. Бірақ, жылына бір рет келетін қасиетті Рамазан айына құрметпен қарау керек қой. Сен мұсылман емессіз бе! Егер сеніміңді өзгертіп тастамасаң. Ата-анаң, бауырларың қайда қарап жүр. Халық саған аузына келгенін жазуда, ал сен болсаң қайта-қайта жартылай жалаңаш суреттеріңді салып әдейі істейтін сияқтысың. Халыққа, ең бастысы Аллаға құрмет көрсет. Биікке самғау қиын, бірақ құлап кету оңай»,- деген тағы басқалары.

Құдайдан қорықсаңшы: Рамазан айында жартылай жалаңаш киінген Луина қатаң сынға қалды

«Алла сәл де болса журегіне иман ұялатсын. Сонда өзінің киім киісіне ұялар. Дәл қазір ол бұл әрекетін дұрыс деп отырған шығар. Бастысы, “ұят” деген ұғымды ертерек түсінсе болғаны жөн болар еді»,- деген пікір айтылған.

«Луина қазір қасиетті Рамазан айы. Құдайдан қорықсаңшы. Сен өзі қазақсың ба? Мұндай көрініс қазақ қызына жат нәрсе. Ешкім сені күнәхар деп отырған жоқ. Бірақ, ана туралы айтқанда, соған лайық көріну керек. Ана əйел деген ет пен сүйектен жаралған. Бірақ, етті жақсы сақтамасаң иістеніп кетеді. Ал, ашық-шашық жүрген əйел сасық етпен тең»,-деген сындар айтылған.

Құдайдан қорықсаңшы: Рамазан айында жартылай жалаңаш киінген Луина қатаң сынға қалды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау