Қуатты циклон әсерінен ел аймақтарында жаңбыр мен қар жауады

"Қазгидромет" синоптиктері 9 наурызға арналған Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен ауа райы құбылыстарына болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі, 9 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс цикллонының және соған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің солтүстік-батысында және оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Метеорологтардың мәліметінше, республика бойынша жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Қазавтожол ауа райына байланысты бірнеше аймақта көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеген еді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?