Қуандық Бишімбаевтың жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын қайда өтеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтбек Амангелдінің адвокаты Жанна Оразбақова желіде ҚАЖК-дан келген жауабын бөлісті.
“Бишімбаев Ақмола облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол Ақмола облысы Степногор қаласы, Пром. зона 7-ғимарат 14А көшесінде орналасқан”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, желіде әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев өз жазасын өтеп жатқан жоқ деген ақпарат тараған еді. Бірақ кейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мұны жоққа шығарған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"