Достарына қонаққа кеткен: Қостанайдағы өртте көз жұмған 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы 5 баланың жантүршігерлік өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қостанай облысы ТЖД
Қостанай облыстық прокуратурасының Buzyq Telegram арнасына берген жауабында өрт кезінде қаза тапқан балалардың анасы 5 жылдан 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан. Қазір қылмыстық кодекстің “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Желідегі ақпаратта әйелдің балаларын жалғыз тастап, достарына қонаққа кеткені айтылған.
Бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткен еді. Өртке оранған үйде 13, 8, 6, 7, 2, 1 жасар бес бала қалып қойған. 13 жастағы бала зардап шекпеген. Бас прокурор өрттің шығуына пештің қараусыз қалуы себеп болғанын айтты.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"