Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда түрмеден қашқан қылмыскер ұсталып қалды

Полиция түрмеден қашып кеткен Руслан Юсубовты тапты.

Бұл туралы Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

29 жастағы ер адам қамауға алынғанға дейін тұрған Денисов ауданы Некрасовка ауылынан табылған.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қараша күні қамаудағы азамат емін-еркін жүріс-тұрыс құқығын пайдаланып, түрмеден кетіп, уақытылы қайтпаған еді.

Сотталған азаматтың бір жылдан астам ғана жаза мерзімі қалған болатын.

Оқи отырыңыз:

Рудныйда зейнеткер кішкентай қызды зорламақ болғаны үшін тұтқындалды

Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде фашистік белгіні насихаттағаны үшін сотталды

ІІД баланы педофилден қалай қорғау керек екенін айтып берді

Қазақстанның 4 бірдей өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Талқылау