Қостанайда 6 айлық бала үшінші қабатан ұшып кетті
Қостанайдағы үйлердің бірінде 6 айлық бала үшінші қабаттың терезесінен ұшып кетті. Бала екінші қабаттағы терезенің жиегі құлап түсіп, аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 17 сәуірде Қостанай қаласы Майлин көшесі, 18 үйде болған.
"Кешкі сағат 17:00-де алты айлық бала 3 қабаттың терезесінен екінші қабаттағы терезенің жиегіне құлап кетті деген хабарлама келді. Хабарламаны алғаннан кейін бірден оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және жедел жәрдем жіберілді", - деп түсіндірді ТЖД.
Құтқарушылардың айтуынша, олар келгенге дейін баланың ата-анасы сәбиді өздігінен құтқарып үлгерген. Бала жарақат алған жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.
"Бақытымызға орай, бәрі жақсы аяқталды. Бірақ мұндай қауіпті жағдайлар ата-аналардың немқұрайлығынан туындайтынын ескерген жөн", - деп құтқарушылар ата-аналарға жүгінді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"