Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының аты беріледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қостанай" халықаралық әуежайына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы қаулыны жария етті. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін", – делінген құжатта.
Үкімет қаулысы 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бұған дейін "Орал" халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді.
"Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек" деп айтқан қарағандылық мұғалім жұмысынан кетті
"Хиджаб кимейді, мектепте кимейді" дейді мұғалім өзінің қыздары жайлы
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
Ол – еліміздегі құтқару қызметінде тікұшақ басқаратын үш қыздың бірі