"Көшірме телефондарды түпнұсқа деп сатқан": Жамбыл облысында алаяқтық жасаған бес баланың әкесі жазадан құтылып кетті

Жамбыл облысында бес баланың әкесіне көшірме мобильді телефондарды сату арқылы жасалған алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, Рысқұлов ауданының сотында бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралған.
Сотта айыпталушы Алматы қаласынан түпнұсқа емес мобильді телефондарды сатып алып, кейін оларды жаңа әрі түпнұсқа құрылғылар ретінде көрсетіп, Жамбыл облысының тұрғындарына сатқаны анықталды.
Сонымен қатар ол сатып алушыларды алдап, жол жүру үшін қаражаты болмағандықтан телефондарды шұғыл сатуға мәжбүр екенін айтқан.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде үш жәбірленушіге 79 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген.
Айыпталушының кінәсі өзінің, жәбірленушілер мен куәлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, келтірілген залалды өз еркімен өтеген.
Жәбірленушілер сотқа шағымдарының жоқтығы туралы хабарлап, күдіктіні бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот күдіктінің кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, шығынды өтеуін, асырауында 5 кәмелетке толмаған балаларының болуын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр