Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көшу "не вариант": Мадина Сәдуақасова жер сілкінісінен кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова өміріндегі өзгерістерді айтып, оқырман қауыммен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Өнер иесі әңгімесін жер сілкінісі болған күннен бастады. “Жер сілкінісінен қорықтыңыз ба?” деген сұраққа қысқа жауап берді. 

“Адам баласы табиғат апатынан қорқады. Қорқу керек. Сейсмологиялық қауіпті жерде өмір сүретіндерді Алла сақтасын! Басқа амал жоқ. Көшу – “не вариант”, – деп жауап берді эстрада жұлдызы. 



Айта кетейік, әнші алматылықтарды әбігерге салған жер дүмпуінен қорқып, туған жері Қызылорда қаласынан пәтер сатып алған еді. 

“Мені Алматыдағы жер сілкінісі шошытты. Балам, ата-анам, туыстарым, әр адамды ойладым. Өзің басқа жақтасың, ал жақындарың Алматыда қалғаны жаман екен. Алла сақтасын. Сол күні қолымнан телефон түспеді. Түркістаннан шығып, Қызылордаға қайта келдім. Қызылордадан үй сатып алдым”, – деп жазғаны ел есінде. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Еске салайық, жер сілкінісінен кейін, отандық шоу-бизнес өкілдері Алматыдан қоныс аударғылары келгенін жазған едік. 

Талқылау