Коронавирусты арақпен емдеуге бола ма? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Қазақстанның жетекші инфекционисі Динагүл Баешева коронавирусты спирттің буымен емдеу туралы мифті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде коронавирусты бір тәулік бойы арақтың буымен емдеуге болады деген ақпарат тараған.
"Бұл жалған ақпарат, біз мұндай ұсыныстар бермейміз. Вирустың өлуі үшін алкогольдің шамамен 60 пайыздық концентрациясы қажет, оны адам ағзасында құру мүмкін емес. Мүмкін, олар алкогольді антисептиктерді ұсынатындығымызға негізделген шығар", - деді Динагүл Баешева.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"