Қазақстанда коронавирустан сегізінші адам көз жұмды
8 сәуірде ауруханаға түскен 1936 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Келесі күні жасалған коронавирустық инфекция талдауы марқұмда вирустың бар болғанын көрсетті.
"2016 жылы ер адам бронх демікпесі, созылмалы обструктивті өкпе ауруы (ХОБЛ), жүректің ишемиялық ауруы, үшінші деңгейлі артериялық гипертензия және терінің қатерлі ісігі диагнозымен тіркеуде болған", - делінген хабарламада.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам: Алматы қаласында - 1 адам, Ақмола облысында - 4 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам тiркелді.
Жалпы 781 науқас тіркелді.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
