Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус әлсіреп, өзі жойылып кетеді - дәрігер

Итальяндық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Маттео Бассетти коронавирус инфекциясының қаупі азайды және індет өздігінен жоғалып кетуі мүмкін дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап. 

Оның пікірінше, бұл генетикалық мутацияларға байланысты болуы мүмкін.

"Наурызда және сәуірдің басында жағдай мүлдем басқаша болды. Жедел жәрдеммен адамдар өте ауыр жағдайда ауруханаға түсіп жатты. Олардың өкпелерін оттегімен желдету қажет еді. Наурызда және сәуірде коронавирус агрессивті жолбарыс сияқты көрінді, ал қазір ол жабайы мысыққа ұқсайды. Тіпті 80 жастан 90 жасқа дейінгі егде жастағы пациенттер де қазір көмексіз тыныс алуда. Бұрын сол науқастар екі-үш күнде өлетін еді", - деді Маттео Бассетти.

Дәрігердің айтуынша, вирустың әлсіреуінің басты себебі - мутацияға ұшырауы.

"Менің ойымша, вирусқа иммунды жүйеміз бірден жауап бергендіктен вирус жойылып кетуі мүмкін. Ең басытысы қорғаныс жақсы болуы керек", - деді ол.

Дәрігердің айтуынша, ғалымдар вакцина ойлап таппас бұрын вирус жойылуы мүмкін.

Алайда бұл пікірге қарсы шыққандар да табылды. Эксетер университетінің медицина факультетінің профессоры Барат Панханиидің айтуынша, вирустың жоғалуы бірнеше жылға созылуы мүмкін.

"Вирус жұқпаса ғана жойылып кетеді. Егер бізде сәтті вакцина болса, оңай жеңе алатын едік. Бірақ коронавирус кең таралғандықтан, одан құтылу оңай болмайды", - дейді ол. 

Талқылау