"Ұлымды көрмегеніме 1,5 жыл болған еді": Алматыда хостелде қаза тапқан 19 жастағы жігіттің анасы желіде жазба жариялады
Алматыда хостелдегі өртте қаза тапқан ақтаулық Никита Королевтың анасы өзінің Instagram парақшасында 2 желтоқсанда ұлын жерлеу рәсімі өткенін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Лада порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Анасының айтуынша, ұлы Ақтауға үйіне ұшуға бір күн қалғанда қайғылы оқиғаға тап болған.
“Ол менің жалғыз ұлым. 24 желтоқсанда 20 жасқа толар еді. Мен оны көрмегеніме 1,5 жыл болып еді. Ал бүгін оны соңғы рет құшақтадым. Бұл өмірде немере-шөберелі болатыныма сенімді едім. Балаларыңыздың өмірге құрған жоспарлары ата-анасына өмір сүруге басты себеп. Менің қазір ондай жоспарым жоқ. Бұл қайғыдан қалай шығуға болатынын білсеңіздер айтыңыздар. Менде үміт етер ештеңе қалған жоқ", - деп жазды Евгения Вегер.
Еске салсақ, Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болған еді. Олардың ішінде қаза тапты деп саналған Түркістан облысының тумасы тірі болып шықты.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған