Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери жиын үш айға созылады - Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев онлайн-брифингте Қазақстанда арнайы жиындарға кімнің шақырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Ермекбаев

"Бұл жарлықтың негізгі мазмұны - әкімдерге әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруға құқық пен мүмкіндіктер беру", - деді қорғаныс министрі. 

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жиын үш айға созылады.

Бірінші кезекте еріктілерді шақыратын болады. Қорғаныс министрлігі басшысының сөзінше, жастар жұмыссыз отырмас үшін осы шақыруды қабыл алуға дайын.

Әскери міндеттілер өзге өңірлерге шақырылмайды - тек тұрғылықты жері бойынша.

Әскерге шақыруға әскери міндеттілер және әскери қызметке жарамды адамдар жатады.

Әскерге шақырудан босатылады:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар;

2. Мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиация персоналы;

3. Ауыл шаруашылығында және егін жинау кезеңінде ауылшаруашылық техникаларын жөндеу жөніндегі ұйымдарда жұмыс істейтін адамдар;

4. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінің педагогтары оқу жылы кезеңінде;

5. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар;

6. Әскери міндетті әйелдер;

7. Запасқа шығарылғаннан кейін екі жыл ішінде әскери міндеттілер;

8. Он сегіз жасқа толмағана үш және одан да көп балалары бар адамдар;

9. Жеке басына қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе қылмыстық істі сот қарайтын адамдар;

10. Қазақстан Республикасы парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары болып сайланған (тағайындалған) әскери міндеттілер.

Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірде мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанның бас штабының бастығы Руслан Шпекбаев әскери шақырылған қазақстандықтарды елді мекендерді патрульдеуге және су тасқынына қарсы күреске, сондай-ақ санитарлық қызметке жіберетінін айтты.


Әскери міндеттілерге жиын кезінде қанша теңге төлейді?

Талқылау