Көңіл көтеру, суретке түсіру үшін: Маңғыстауда тағы бір итбалықты адамдар таяқпен ұрды
Маңғыстауда тағы бір итбалық демалушылардың құрбанына айналды: олар оны фотосурет үшін таяқпен ұрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 6 шілде күні кешке Құрық ауылындағы жағажайда болған. Куәгердің ақпараты бойынша, бір топ ересек адамдар итбалықты жағадан байқап, оны таяқпен және тастармен ұра бастаған.
"Бұл тек көңіл көтеру, суретке түсіру және балаларға итбалықты көрсету үшін жасалды. Содан кейін оны қайтадан теңізге лақтырды. Ол тірі қалды ма, өкінішке қарай, мен оны білмеймін", - деді оқиға куәгері.
Қазақстанның Қызыл кітабына қандай жануарлар енгізілген
Кейіннен Ақтаудағы жағажайдағы итбалықтарды таяқпен ұрған демалушылар жануарларға қатыгездік үшін жауапқа тартылатыны белгілі болды. Бул туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті.
Ол аталған оқиғадан кейін Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы адамдардың жеке басын анықтап, оларды жауапкершілікке тарту мақсатында облыстық басқармаға хат жолдағанын айтты.
"Жануарларға жасалған қатыгездік үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында айыппұл немесе түзету жұмыстары қарастырылған", - деп еске алды Сәкен Ділдахмет.
Ол сондай-ақ, 8 шілдеде мемлекеттік инспекторлар демалушылар арасында жағалауда түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.