Комиссия мүшелері қазақстандықтардың олимпиадалық киімдерін жарамсыз деп таныды
Астанада өткен киім көрсетілімі кезінде олимпиадалық формалардың біздің спортсмендерге сай еместігі айтылды. Чемпиондардан құралған комиссия мүшелері отандық дизайнерлердің өнімін түсіне байланысты жарамсыз деп таныды.

Олар киім үлгілерін ту түстес болады деп күткен. Алайда, формалар қанық көк-сары түсті болып шыққан.
«Біз жарыстарға үнемі көк сары формамен шығатынбыз. Ал, мында түсті аздап өзгертіпті. Модельдер мінберде тұрғанда киімнің түсі нашар көрінді. Кейін олар басқа жерге барып суретке түскенде ол мүлде өзгеріп кетті», -дейді Ольга Шишигина.
Zibroo фирмасының дизайнерлеріне бұл олқылықты түзеу үшін бір апта уақыт берілді. Олар қайтадан жаңа киім түрін таныстыратын болды. ҚР мәдениет жіне спорт министрлігі де бұл ақпаратты растады.
Бұған дейін Астанада Қазақстанның олимпиада құрамасының киімін таныстырғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады