"Көмектесіңдер, анамды ұрып жатыр": Қарағанды облысында әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер "Арлан" арнайы жасағының жауынгерлерімен бірлесіп, Қарағандыда әйелге шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицейлердің мәліметінше, күдікті 30 жаста, ол Қарқаралыда тұрады. Ұсталған азамат облыстық полиция департаментіне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салайық, Қарағанды облысында кәмелетке толмаған бала анасына шабуыл жасаған ер адамды видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желіде 51 жастағы Қарқаралы тұрғынына жасалған шабуылдың видеосы тарап кетті.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген