"Көмек керек": Алматы облысының бірнеше ауылында сел жүрді
Алматы облысының бірнеше ауылында толассыз жауған жаңбырдан сел жүрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қараарша және Бесмойнақ ауылдарында сел жүрді. Куәгерлердің айтуынша, елді мекендердің шекарасындағы аумақ арқылы қуатты су ағысы өткен.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде 21 шілде күні кешке пайда болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көрші елді мекендерде су басу қаупі жоқ. Әзірге зардап шеккендер мен су басқан үйлер туралы мәлімет жоқ.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"