Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көліктің әйнегіне жабысып алған жылан автокөлік иесін сыртқа шығармай қойды

Австралияда көліктің  алдыңғы әйнегіне жабысып алған жылан автокөлік жүргізушісін қорқытып жіберді. Австралия тұрғыны Квинсленд штатындағы Хермит-Парк қаласынан өтіп бара жатқан кезде көлігінің әйнегіне жасыл жыланның жабысып алғанын байқап қалған.

Көліктің әйнегіне жабысып алған жылан автокөлік иесін сыртқа шығармай қойды

Бұл туралы UPI хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жыланды көріп шошып кеткен әйел бірден жолдың жағасына тоқта, оны ұялы телефонына түсірмекші болған.

«Сол уақытта ол маған қарай бұрылып, көзіме тіке қарап, тілін шығарды. Мен баратын жеріме кешігіп одан ары қорқып кеттім. Оның үстіне көліктен қалай шығатынымды білмедім»,- дейді бойжеткен.

Не істерін білмеген әйел апаттық дабылды қосып, баяу жүріп келген. Жыланмен бірге жол жүруге мәжбүр болған көлік иесі, жол бойы жұмысындағы таныс адамдарға хабарласқан. Нәтижесінде, әріптестерінің бірі көмекке келген екен.

«Ол ұзақ уақыт бойы күлкісін тыя алмай, көлігінен әрең шықты. Онымен қоса көліктен шыға алмай отырған мені суретке түсіріп алды. Содан кейін ол  жыланды қолына алып, жолдың бойындағы гольф алаңының жанындағы ағашқа отырғызып кетті», – деп түсіндірді бойжеткен.

Тағы оқыңыз: 

7 миллиард ішінде жалғыз: 8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Дәрігерлер француз азаматына екінші рет өзге адамның бетін ауыстырып салды (фото)

Жасөсіпірім сабақ үстінде мектептегілерге пышақпен шабуылдап, сыныпты өртеп жіберген (видео)

Полицейлер есірткі саудалаушыларды WhatsApp-тағы суреттен саусақ іздерін анықтау арқылы ұстады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр