Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер есірткі саудалаушыларды WhatsApp-тағы суреттен саусақ іздерін анықтау арқылы ұстады

Оңтүстік Уэльсте полицейлер 11 адамның есірткі сатуға қатысы барын WhatsApp мессенджеріндегі суреттен саусақ іздерін анықтау арқылы білген.

2017 жылы Бриджендте кокаин мен үлкен көлемде марихуана табылды. Полицейлер суреттер түсірілген телефон да тауып алған. Суретте адамның алақанында экстази дәрілері көрсетілген. Суретті есірткі жарнамасы үшін түсірген.

Телефонда келісім жасалағаны туралы хабарлама болған. Сарапшылар суреттен саусақ іздерін анықтай алды. Бұл есірткі саудалаушылар мен оған қатысты 11 адамды айыптауға негіз болған.

Полицейлердің айтуныша, мұндай әдіс алғаш рет қолданылып тұр. Осылайша желідегі жіберілген суреттер арқылы да саусақ іздерін анықтауға болады. Есірткі саудалаушылар ұсталып қалмау үшін жаңа технологияла қолданады, сондықтан оларды құрықтау үшін түрлі әдіс пайдаланылады.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте 9-сынып оқушысы асылып қалған күйінде табылды

Рамазан айына дейін орындалуы тиіс 5 амал

Шымкенттік таксист несиесін төлеу үшін жолаушы қызды өлтірген

Талқылау