Автобус жүргізушісі 50 адамды құтқарып өзі көз жұмды
Автобус жүргізушісі 50 жолаушыны құтқару үшін өз өмірін құрбан етті.

Таиландтың солтүстігінде 50 жолаушы өрттен аман қалды. Жүргізуші Самран Дуанг-Саат автобуспен 50 мьянмалық жұмысшыны үйіне жеткізіп тастамақ болады. Таулы аймақта автобуста өздігінен өрт шығып, жана бастайды.
Жүргізуші барлық жолаушының сыртқа шығуына көмектеседі. Өрт өшіріле бастағанда автобус төмен қарай құлдилай кетеді. Жүргізуші автобусқа секіріп кіріп, көлікті тоқтатпақ болады. Алайда көліктің тежегісі басылмай қойған.
Автобус қатты жылдамдықпен келе жатқанда алдынан жүк көлігі шыққан. Қатты соққыдан автобус жүргізушісі көз жұмды.
Тағы да оқыңыз:
Тележүргізуші бетіндегі жарасын 25 жыл көрерменнен жасырып келген (фото)
Сиыр бұзауын әкеткен көлік артынан қуып, емхана алдында 3 күн түнеді (видео)
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады