Сиыр бұзауын әкеткен көлік артынан қуып, емхана алдында 3 күн түнеді (видео)
Бұзауына алаңдаған сиыр көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Оқиға Үндістанда болған. Адамдар ауырып қалған бұзауды мал дәрігеріне қарату үшін көлікке тиеп алып кетеді. Бұзауына алаңдаған сиыр көлік артынан қалмай жүгіріп отырды. Кейіннен емхана маңында үш күн түнеді. Бұзауды емдеген соң енесінің қасына апарды.
Аяулы көрініс желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Олар ана махаббатының шексіз екенін айтып жатыр.
“Мал екеш мал да баласын тастамайды”, “Алла аналық махаббатты ерекше жаратқан”, “Ал қоғамда аналар баласын тастап кетіп жатыр” деп жазады желі қолданушылары.
Тағы да оқыңыз:
Ғимаратты тонамақ болған ұры кірпішпен абайсызда серіктесінің басынан ұрып есінен тандырды
Өзі жайлы ақпараттан шаршаған Төреғали журналистерге арнап бейнебаян түсірді (видео)
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен