Көктемде қандай өнімдерді тұтынған жөн? Диетолог жауап берді
Диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Соломатина қыста әлсіреген иммунитетті қалпына келтіру үшін көктемде қандай өнімдерді тұтыну керегін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Көктемгі ас мәзірі дәрумендер, антиоксиданттар мен жасұныққа бай болуы керек екен. Бұл ағзаның қалпына келуіне әсер етеді. Осы себепті диетолог мәзірге көбірек жеміс-жидек пен көкөніс қосуға кеңес берді.
"Көкөніс, жеміс пен жидектерде ағзаға қажет С дәрумені, жасұнық, биофлавоноид, антиоксиданттар бар. Қазір балғын жемістерді табу қиын. Сондықтан мұздатылған өнімдерді де тұтынуға болады", - дейді Елена Соломатина.
Диетологтың сөзінше, С дәрумені ашытылған қырыққабатта өте көп мөлшерде кездеседі екен.
Айта кетейік, бұған дейін шаштараз шашты тырнақ арқылы тез өсірудің жолын атаған еді. Ол өзі ұсынған ерекше әдіске күніне 10 минут арнау керегін мәлімдеген.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"