AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зерттеушілер аспириннің коронавируспен ауырған науқастардың өлім қаупін төмендететінін айтты

Халықаралық ғалымдар тобы аспириннің коронавирустық инфекциямен ауырып, пост-COVID синдромынан зардап шегеккен науқастарға көмектесе алатынын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2020 және 2021 жылдар аралығында Ұлыбританияда NIHR қаржыландырған REMAP-CAP деп аталатын клиникалық сынаққа Канада, Франция, Германия, Үндістан, Италия, Непал, Нидерланды, Ұлыбритания елдерінен 105 ауруханадан COVID-19-ға шадыққан 1557 ауыр науқас қатысты. Кейбіреулеріне аспирин берілді, кейбіреулеріне клопидогрел деп аталатын тромбоциттерге қарсы дәрілердің түрлері берілді.

Зерттеушілер COVID-19 ауыр науқастарды емдеу үшін аспирин сияқты антиагреганттық препараттарды қолдану қарқынды терапия қажеттілігін төмендететінін жеткізді. Осы препараттарды қабылдаған адамдардың келесі үш айда өмір сүру ықтималдығы жоғары екендігі туралы дәлелдер болды. 

COVID-19-бен ауыр науқастанған адамдарда қан ұйығыштық пайда болады. Бұл қан тамырларын бітеп, ағзаның өліміне әкелуі мүмкін. Осы орайда аспирин қанды сұйылтуға көмектеседі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр