Көкшетауда балалар ойнап жүрген батут орталығы өртке оранды
Көкшетау қаласындағы "Сальто" батут орталығынан өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды. Оның 30-ы балалар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақмола облысы ТЖД
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт сауна бөлмесінен шыққан, жалын 60 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген.
“Өрт сөндірушілер жеткенше, сауна қызметшілері 40 адамды эвакуациялады, оның ішінде 22 бала, кейін құтқарушылар тағы 12 ересек пен 8 баланы сыртқа алып шықты. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деді ведомстводан.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтарушылар – 31 адам және 9 техника жұмыс істеді. ТЖД қызметкерлері тілсіз жауды бір сағат ішінде толығымен сөндірген.
“Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп мәлімдеді облыстың ТЖД баспасөз қызметі.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"