Қоқиқазды үйінде ұстаған: Халық ақтаулық блогердің айыппұлын төлеп берді
Қызыл кітапқа енген қоқиқазды үйінде ұстаған блогерге айыппұл салынды. Халық блогердің айыппұлына ақша жинап берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер әрекеті үшін өзіне айыппұл салынғаны және халық бір сағаттың ішінде қажетті қаражатты жинап бергенін айтты.
“Халқым, мен орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті салған айыппұлды жаптым. Достар, тілектеріңіз бен жылы сөздеріңіз үшін көп рахмет. Бір сағатта 100-ден астам адам маған 500 теңгеден жинап берді”, – деп жазды Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айыппұл көлемі 51 750 теңгені құрады.
Ал, желі қолданушылары құстарға көмек берген блогерді жазалау әділетсіз шешім болғанын алға тартты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"