Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсенділері ресейліктерді мобилизацияға қарсы шерулерге шығуға шақырды

"Весна" қозғалысы Ресей президенті Владимир Путин жариялаған мобилизацияға қарсы бүкілхалықтық наразылық шеруіне шақырды. Белсенділер тұрғындарға 21 қыркүйек күні сағат 19:00-де өздері тұратын қалалардың орталығына жиналуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Весна шеру 2022

Дереккөз Zvzda.ru

"Мыңдаған орыс азаматтары – әкелеріміз, ағаларымыз, ерлеріміз соғыстың қызған ортасына тап болайын деп тұр. Олар не үшін өлуі керек? Аналар мен кішкентай балалар не себепті көз жастарын төгуі тиіс?" – делінген қозғалыстың үндеуінде.

Еске салайық, бүгін, 21 қыркүйекте Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойды. 



"Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың Ресейде ішінара жұмылдыру жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысын қолдау қажет деп санаймын", – деген Путин.

Ресей басшысы мобилизацияның бүгін, 21 қыркүйектен бастап күшіне енетінін атап өтті.

Ресейдің қорғаныс министрі Сергеу Шойгу өз кезегінде Ресейде "үлкен мобилизация резерві бар” екенін айтқан. Мобилизацияға 300 мың азаматты жұмылдыру жоспарланып отыр.

Талқылау