Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің атым Айнұр болған": Шетелдіктер асырап алған қазақстандық қыз өз ата-анасын іздеп жүр

Криста Харрисон
Фото: facebook.com/krysta.harrison

Әлеуметтік желіде нәресте кезінде шетелдік отбасы асырап алған қазақстандық Криста есімді қыздың оқиғасы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жылдар өткен соң ол бойжеткен биологиялық ата-анасын іздеу туралы шешім қабылдаған. Криста көмек сұраған жазбасын Facebook желісіндегі Kazakhstan Adoption атты арнайы қауымдастықта жариялады.

Өз жазбасында бойжеткен 2003 жылы Қазақстанда дүниеге келгенін айтады.

"Сәлем! Мен атым Криста. Мені 2004 жылы Орал қаласынан (Қазақстан) асырап алған. Мен 2003 жылы дүниеге келдім, туған кезде маған Ғабдрахманова Айнұр Ниязбекқызы деген есім берілген. Сондай-ақ менің биологиялық анамның аты – Нұргүл. Биологиялық ата-анам туралы кез келген ақпаратқа өте ризамын", – делінген жазабада. 

Жазба желі қолданушыларының назарын аударды. Пікірлерде адамдар көмек ұсынуға кірісіп, тегі бойынша ықтимал сәйкестіктерді іздеп, әрі іздеуді қай жерлерден жалғастыруға болатыны жөнінде кеңес бере бастаған.

Кейбірі құжаттарда тектің жазылуында қате кеткен болуы мүмкін деп болжады, ал басқалары Орал қаласының тұрғындары арасынан ықтимал сәйкестіктерді анықтауға тырысты.

"Сәлем, Криста! Біз, Қазақстан тұрғындары, сізге сәттілік тілейміз!", "Мүмкін, бұл Ғабдрахманова емес, Әбдірахманова шығар? Іздеп көрсек, Оралдан бір адам шығып тұр", "Анасын табады деп үміттенемін", "Табылып кетсін!", – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін топтық зорлаудың құрбаны болып, 17 жасында бала босанған қазақстандық әйел америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүргені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 15 Маусым, 2026 21:53