Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығын күшейтуді талап етті

Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жыл басынан бері атқарған қызметінің қорытындысы, әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары жөніндегі баяндаманы тыңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәурен Қосанов Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, ведомствоның автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ әскери басқару органдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейту үшін "Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына әзірлік барысын баяндады.

Министр Голан жоталарындағы екінші ұлттық контингент миссиясының сәтті аяқталғанын және үшінші контингенттің ротациясы басталғанын, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметкерлердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесіне халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға берілгенін жеткізді.

Әскерге шақыру науқаны, әскери қызметкерлердің мәртебесін көтеру бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде есеп берілді.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, атап айтқанда, 21-27 маусым аралығында Бурабайда "Айбын – 2026" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға үшін бірқатар тапсырма берді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 15 Маусым, 2026 16:48