Атыраудағы сауда орталығында жас жігіт әйелдерді дәретханада жасырын аңдыған (видео)
Атыраудағы сауда ойын-сауық орталығында жас жігіт әйелдер дәретханасына кіріп әйелдерді аңдыды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға ойын-сауық орталығының дәретханасында болған. Әйелдердің бірі басын көтергенде, көрші кабинаның үстінен сығалап тұрған жігітті байқап қалып, бірден шу шығарған.
Алайда жас жігіт әйелдер дәретханасында не үшін жүргенін түсіндірудің орнына, кабинаның ішінен есікті жауып алған. Әйелдердің айқайын естіген басқа келушілер де жиналып, одан сыртқа шығуын талап еткен. Бірақ жігіт есікті ашпай қойған.
Ақыры күзет қызметкерін шақыруға тура келген. Ол жігітті кабинадан шығарып, дәліз арқылы алып өткен. Осы кезде жиналған әйелдер оған наразылық білдірген.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жігіт әйелдерді жасырын бақылап қана қоймай, телефонға да түсірген. Келушілердің бірі оның телефонынан дәретханада түсірілген фотосуреттерді көргенін мәлімдеген. Ал жігіт тағылған айыптарды мойындамай, дәлел көрсетуді талап еткен.
Атырау облысының полиция департаменті жас жігіттің ұсталып, қамалғанын хабарлады. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылған.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада әйелді аңдып, бөксесін ұстаған ер адам 10 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
