Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ипотеканың ай сайынғы төлемін қалай азайтуға болады? Halyk жаңа қызметті іске қосты

Баспана алу үшін ипотека рәсімдеген адам бірнеше жыл, тіпті ондаған жыл бойы банкке қарызын төлейді. Алайда уақыт өте келе несие шарттарын өзгертуге болатынын көпшілік біле бермейді. Мәселен, ипотеканы басқа банкке ауыстырып, несие мерзімін қайта қарауға және ай сайынғы төлемді азайтуға мүмкіндік бар. Halyk Bank осы мақсатта жаңа қызмет ұсынды. Несиені қайта қарау (рефинансирование) қалай жұмыс істейді және ол кімдерге тиімді болуы мүмкін?

Бірнеше жыл бұрын ипотекаға пәтер алған адамды елестетіп көріңіз. Бірнеше жылда оның табысы да, шығыны да, отбасылық жағдайы да өзгереді. Бірақ ай сайын төленетін несие сомасы сол күйінде қалады.

Мұндайда ипотека шарттарын қайта қарастыруға бола ма?

Иә, мұның бір жолы – несиені қайта қаржыландыру. Яғни бұрын рәсімделген несиені басқа банктің шарттарымен қайта рәсімдеуге болады. Адам жаңа пәтер сатып алмайды, екінші ипотека да алмайды. Бұрын алған баспанасы үшін төлемді жалғастырады, тек несиесін енді басқа банкке өтейді.

Halyk Bank ипотеканы несиені қайта қарау қызметін іске қосты. Бағдарламаның басты мақсаты – қолданыстағы ипотеканы жаңа шарттармен рәсімдеп, клиенттің ай сайынғы қаржылық жүктемесін азайтуға мүмкіндік беру.

Мұны қарапайым мысалмен түсіндірейік.

Айталық, Асқар бірнеше жыл бұрын баспаналы болу үшін бастапқы жарнасын ұзақ уақыт жинап, Қазақстандағы банктердің бірінен ипотека рәсімдеген. Пәтерлі болғанына қуанғанымен, ай сайынғы төлем отбасылық бюджетіне салмақ түсіре бастады. Ол банкке ай сайын шамамен 290 мың теңге төлейді. Ипотекасының жылдық мөлшерлемесі – 22,5 %.

Сондықтан Асқар несиесін Halyk Bank-ке ауыстыруды ұйғарды. Оның ипотека бойынша қалған қарызы 15 миллион теңге, ал несиені өтеу мерзімі әлі 15 жыл болатын.

Банкте есептеп көргенде, егер осы қарызды жылдық 19,5 %-дық мөлшерлемемен сол мерзімге қайта рәсімдесе, ай сайынғы төлем шамамен 258 мың теңгеге дейін төмендеуі мүмкін екені анықталды.

Осылайша, Асқар ай сайын 32 мың теңгеден астам қаражат үнемдей алады. Бір жылда бұл шамамен 385 мың теңге болады. 

Ал 15 жылдық кезеңді толық есепке алғанда, төлемдер арасындағы айырмашылық 5,5 миллион теңгеден асады. Бұл – несиені қайта қаржыландыруға байланысты қосымша шығындарды есептемегендегі болжамды сома.

Асқар бұрынғы пәтерінде тұра береді, бірақ ай сайынғы шығынын азайтып, үнемделген ақшасын басқа қажеттіліктерге жұмсай алады. Мәселен, баласының біліміне, отбасылық демалысқа, жинақ қорын қалыптастыруға немесе күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге бағыттауға болады.

Halyk Bank ұсынған бағдарламаның мәні де осында. Басқа банкте ипотекасы бар клиенттер несиесін Halyk Bank-ке ауыстырып, өзіне тиімді шарттарға қол жеткізуге мүмкіндік алады. Дегенмен нақты үнем мөлшері әр адамның несие сомасына, қалған мерзіміне және ұсынылған шарттарға байланысты болады.

Бағдарлама бойынша жылдық мөлшерлеме 19,5–22,5% аралығында. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – 21,59–25%. Несие мерзімі 20 жылға дейін қарастырылған.

Алдын ала есептеу үшін қажетті құжаттарды жинап, Halyk Bank бөлімшесіне жүгінуге болады. Мамандар клиенттің жағдайына қарай жаңа төлем мөлшерін есептеп береді.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде комиссия алынбайды және оны онлайн режимде жасауға болады. Бұл клиентке қосымша қаражат түскен кезде қарызын жоспардан бұрын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бағдарлама аясында өмір мен мүлікті сақтандыруға қатысты қосымша шарттар қарастырылған. Сақтандыру шығындарын Halyk Bank өз қаражаты есебінен өтейді. Ал жалақысын Halyk картасына алатын қызметкерлер ай сайынғы төлемдерді автоматты түрде өтей алады.

Ипотеканы несиені қайта қарау шарттары туралы толығырақ ақпаратты Halyk Bank-тің halykbank.kz ресми сайтынан білуге болады.

*Асқар туралы мысал шартты түрде алынған. Нақты пайыздық мөлшерлеме, ай сайынғы төлем және үнемделетін қаражат көлемі әр клиентке жеке есептеледі. Несиені қайта қарауға байланысты қосымша шығындар да ескерілуі керек.

Ақгүл Айдарбекқызы
Сейсенбі, 27 Қазан, 2026 09:21