Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада аттракцион жасөспірімнің аяғын басып қалған (видео)

Оқыс оқиға
Фото: Видеодан скрин

Қызылордада аттракцион жасөспірімнің аяқтарын басып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жазба авторының айтуынша, оқиға Қызылордадағы "Арай" қалалық саябағында болған.

Ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады.

Полиция абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазір іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша шешім заң талаптарына сәйкес қабылданады", – делінген полиция департаментінің хабарламаламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада аттракцион кабинасы үзіліп, екі кішкентай қыз ұшып кеткені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 15 Маусым, 2026 19:12