Астанада аттракцион кабинасы үзіліп, екі кішкентай қыз ұшып кеткен
Астананың орталық саябағында аттракцион кабинасы үзіліп, ішіндегі екі қыз жерге құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 25 сәуірде сағат 17:10 шамасында болған. Отбасы саябаққа келіп, балаларын аттракционға отырғызды. Бірнеше айналымнан кейін, кабина үзіліп кеткен.
"Қыздарым езіліп қала жаздады", – деді анасы.

Оқиғадан кейін астана тұрғыны қала билігіне барлық аттракционның техникалық жағдайын тексеруді талап етіп жүгінді.
Әзірге әкімдік немесе тиісті органдар ешқандай ресми түсініктеме бермеді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған