Қазақстанның студенттері Орталық Азияда бірінші болып марсшолғыш аппарат жасады

Жоба туралы идея бірнеше жыл бұрын Назарбаев Университетінің студенті Егине Агаджанян пікірлестерімен бірге марсшолғыш жасайтын топ құру туралы шешім қабылдаған кезде пайда болды. Бірнеше айдан кейін біртіндеп жетілдірілген алғашқы прототипі де құрастырылды.
Бүгін марсшолғыш бейтаныс аймақты зерттей алады, пайдалы ресурстарды іздейді және GPS жоқ экстремалды жағдайларда автономды түрде бағдарын таба алады. Бұл – жас инженерлерге технологияны зерделеп қана қоймай, өз қолымен жасауға болатын ерекше мүмкіндік.
Тың әзірлеме халықаралық деңгейде мойындалды: балалар Australian Rover Challenge-де топ-17 және Canadian International Rover Challenge-де топ-18-ге кіріп, осы деңгейдегі жарыстарда Орталық Азиядан бірінші команда болды.
Өршіл жобаға "Қазцинк" қолдау көрсетті.
“Марсшолғыш жасау – Қазақстанда болашақ технологиялардың қаншалықты дамып жатқанын көрсететін айқын мысал. Мұндай күрделі инженерлік жобаны студенттер әзірлегені екі есе құнды. Біздің компания үшін мұндай жаңалықтарға қатысты болу маңызды. Мұндай бастамаларды қолдау әлемдік деңгейдегі технологияларды құруға қабілетті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдімін”, – деп атап өтті компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев.
Қазір студенттер маршолғыштың жаңа буынымен жұмыс істеуде және жыл сайын әлемдегі ең жақсы инженерлік ЖОО-лар жиналатын Аустралиядағы беделді жарысқа дайындалып жатыр.