Америкалық телеарна әлем чемпионатында Өзбекстанды Қазақстанмен шатастырды

АҚШ-тың FOX Sports телеарнасы 2026 жылғы әлем чемпионаты аясындағы Өзбекстан мен Колумбия арасындағы матчты көрсету кезінде өрескел қателік жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тікелей эфир барысында ағылшын журналисі әрі комментатор Джеки Оутли Өзбекстан құрамасын бірнеше рет Қазақстан құрамасы деп атап кеткен. Ол матчты Ұлыбритания құрамасының бұрынғы ойыншысы Джои Бартонмен бірге жүргізген.
Кездесу Мексиканың Мехико қаласындағы әйгілі "Ацтека” стадионында өтті. Бұл Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы ойыны болды.
Еске салайық, матчта Колумбия құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Өзбекстанның әлем чемпионаттарындағы алғашқы голын 60-минутта Аббосбек Файзуллаев соқты.
Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы келесі кездесуін 23 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді.
Оқыңыз