Семейде балалар аулада тұрған көлікті өртеп жіберген

15 шілдеде Семей қаласындағы 352-квартал аулаларының бірінде автокөлік өртеніп кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік үйге жақын тұрған. Кейін жалын көпқабатты үйдің терезелері түбінде өсіп тұрған ағаштарға да тарай бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сағат 18:05-те көліктің өртенгені туралы төтенше жағдайлар қызметіне хабарланды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сөндірді. Сол күні әлеуметтік желілерде куәгерлер бұл қасақана өртеу болуы мүмкін екенін жазған. Алайда ол кезде бұл туралы ресми ақпарат болған жоқ.
Абай облысының полиция департаменті автокөліктің өздігінен өртенбегенін растады. Полицейлер оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеген.
"Өрт басталардан аз уақыт бұрын автокөлік маңында кәмелетке толмаған үш бала жүргені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың бірі сіріңке пайдаланып, көліктің жанындағы құрғақ өсімдіктерді өртеген. От тарай бастағанда балалар қорқып, қашып кеткен. Бұл жайттар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен жауап алу барысында да расталды", – деп хабарлады департамент өкілдері.
Енді алты жасар баланың ата-анасы көлік иесіне келтірілген шығынды өтеуге тиіс.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген