Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Финалдағы төбелес: Төрешілер Аргентина ойыншылар төбелес шығарса да, шара қолданбаған

финалдағы төбелес үшін жазаланбаған
Фото: Julio Cortez/AP

Аргентина құрамасының ойыншылары Испания командасымен өткен финалдық матчтан кейін төбелес шығарған еді. Жартылай қорғаушы Леандро Паредес испаниялық қарсыласын ұрғанымен, жазадан құтылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Нью-Йоркте өткен 2026 жылғы әлем чемпионаты финалының соңында болды. Паредес Испания құрамасының қорғаушысы Эрик Гарсияны тамағынан ұстап алғаннан кейін жаппай төбелес басталған. Журналист Дэйл Джонсонтың дерегіне сәйкес матчтан кейінгі хаттамада төрешінің Паредесті алаңнан қуғаны көрсетілген, алайда кейін бұл ақпарат түзетілді.

"Бастапқыда ФИФА Паредестің испаниялық Эрик Гарсияны тамағынан итергеннен кейін төреші Славко Винчич оны алаңнан қуғанын хабарлады. Көп ұзамай Паредеске көрсетілген қызыл карточка хаттамадан алынып тасталды. ФИФА BBC Sport-қа ешқандай тәртіптік шара қолданылмағанын растады", – деді Джонсон X әлеуметтік желісінде.

Соған қарамастан, ФИФА бұл эпизод бойынша тергеу бастады. Кейінірек шешім қайта қаралуы мүмкін.

"ФИФА футболдан әлем чемпионатының финалдық матчының соңында болған жағымсыз көріністерге байланысты Аргентинаға қатысты тергеу жүргізілетінін растады. ФИФА-ның Тәртіптік комитеті финалдық ысқырықтан кейін болған оқиғаларды бағалау үшін тәртіптік және этикалық мәселелер жөніндегі прокурорды тағайындады", – дейді журналист.

Кейбір БАҚ Паредестің алаңнан қуылуының күші жойылғаны туралы ақпарат жариялағаннан кейін журналист тағы бір мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, оның сөзін дұрыс түсінбеген.

"Көптеген қолданушы мен Леандро Паредес туралы жариялаған ақпаратты қате түсіндіріп жатыр. Ешқандай күші жойылған қызыл карточка болған жоқ, өйткені қызыл карточка мүлде көрсетілмеген. Ол ФИФА комментаторларының ақпараттық жүйесінде қате көрсетіліп, кейін өшірілді", – дейді Джонсон.

Айта кетейік, ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионаты финалының соңында болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сонымен қатар ұйымның ресми сайтында Паредеске ешқандай карточка көрсетілмеген, төбелестен кейін басқа да санкциялар тіркелмеген.

Назархан Уән
Сейсенбі, 21 Шілде, 2026 18:48