Ерлі-зайыпты несиесін жабу үшін туған сәбиін сатпақ болған

Өзбекстанның Ферғана облысында өз сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді Ферғана қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daryo-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, жас жұбайлар 2024 жылғы қазанда танысып, бұл туралы жақындарына айтпай, некеге тұрған. Отбасылық өмір барысында олардың арасында жиі жанжал туындап отырған. Ал 2025 жылғы қазанда ұлдары дүниеге келген. Сол кезде сәбидің анасы әлі 20 жасқа да толмаған.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам кейін Ферғанаға жұмыс іздеп барып, артынан жұбайы мен баласын да сонда көшірген. Алайда қаржылық қиындыққа тап болған ерлі-зайыпты несиелерін жабу үшін өз балаларын сатуға шешім қабылдаған.
Сотта әйел алынған ақшаны отбасылық қарыздарды өтеу және Түркияға барып жұмыс істеу үшін жұмсауды жоспарлағанын айтқан. Оның сөзінше, бастапқыда күйеуі бұл ұсынысқа қарсы болғанымен, кейін келісім берген.
Сот ерлі-зайыптыны Өзбекстан Қылмыстық кодексінің “Адам саудасы” бабы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысын бес жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ сот баланың алдағы тағдырына қатысты мәселені Қоқан қаласындағы “Инсон” әлеуметтік қорғау агенттігінің құзырлы бөлімшелеріне тапсырды.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз