Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында құйын электр желісінің бағаналарын құлатып, үйлердің шатырын жұлып әкетті

павлодар құйын
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында куәгерлер далада жүріп өтіп, электр желісіне зақым келтірген құйынды видеоға түсіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кадрлардан жерден бұлтқа дейін көтерілген алып құйын, құлаған электр желісінің бағаналары, сынған ағаштар мен үзілген сымдарды көруге болады.  Куәгерлердің айтуынша, табиғи құбылыс тасжолды кесіп өткендіктен, жүргізушілер жылдамдықты азайтып, қауіпті учаскені айналып өтуге мәжбүр болған.

Успен ауданының әкімдігі 21 шілдеде қатты жел салдарынан Қоңырөзек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында электр желісінің жеті бағанасы зақымданғанын хабарлады. Ал Қоңырөзек ауылында 12 тұрғын үй мен жергілікті мәдениет үйі ғимаратының шатыры жұлынып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құйын Қазақстан үшін сирек кездесетін құбылыс саналады. Алайда жаз мезгілінде найзағай белсенділігі күшейіп, температура күрт өзгерген кезде мұндай атмосфералық құйындар далалы аймақтарда да пайда болуы мүмкін.

Назархан Уән
Сейсенбі, 21 Шілде, 2026 20:26