Айына 126 286 мың теңге төлейтін Jetour T1 автокөлігі алуға тұрарлық па

Jetour T1 автокөлігін 126 286 теңгелік ай сайынғы төлеммен сатып алуға болады. Толық жетекті, қуатты қозғалтқышы және жақсы жабдықтар жиынтығы бар орта көлемді кроссовер туралы сөз болып отырғанын ескерсек, ұсыныс әдемі көрінеді. Бірақ қолжетімді төлем тек бірінші аргумент ғана. Сатып алушы нақты не алатынын және T1 өз класындағы басқа көліктермен салыстырғанда қаншалықты мықты екенін түсініп, ара-жігін ажыратып алуы керек.
Орташа өлшемді кроссоверлер сегментінде қолжетімді бастапқы баға көбіне қарапайым нұсқаға жатады. Әлсіз қозғалтқыш, алдыңғы жетек және опциялардың шектеулі жиынтығы. Толық жетек, жақсы динамика және заманауи көмек жүйелері үшін қосымша төлеуге немесе қымбатырақ жиынтыққа көшуге тура келеді.

Ал Т1 бұны айналып өтудің басқа тәсілін ұсынады. Автомобильдің негізіне қуаты 254 а.к., айналу сәті 390 Нм, сегіз сатылы автоматты беріліс қорабы және толық жетекті екі литрлік турбоқозғалтқыш орнатылған. Осы кластағы өзге көліктерде мұндай жиынтық үшін көбірек төлеуге тура келеді.
Сегіз сатылы автомат қорабы қалаға да, алыс сапарларға да қолайлы. Ол кептелісте бірқалыпты қозғалысты қамтамасыз етеді және трассада жылдамдықты үнемді ұстап тұруға мүмкіндік береді. Алтыншы буын BorgWarner муфтасы бар XWD толық жетекті жүйесі айналу моментін дөңгелектер арасында өзі бөледі. Көлікте жеті қозғалыс режимі бар. Олар: Standard, Sport, Economy, Snow, Mud, Sand және Rock. Сондықтан T1 тек асфальтқа ғана емес, сонымен қатар қарға, топырақты жолдарға, құмға және қала сыртындағы жолдарға арналған.

Модель ауыр салмақты жол талғамайтын көлікке ұқсауға тырыспайды. Бұл қалада ыңғайлы болып қалатын, бірақ қала сыртында көбірек еркіндік беретін жайлы кроссовер. Jetour T1 ұзындығы 4 705 мм, ал дөңгелек базасы 2 800 мм. Көлемі бойынша ол толыққанды орташа кроссоверлерге жатады, екінші қатарда ересек жолаушылар үшін орын жеткілікі. Ал жиналған орындықтармен жүк салғыштың көлемі 1 455 литрге жетеді.

Артқы қатар жиналып, тегістеле алады. Бұл туристік жабдықтарды, велосипедтерді және басқа да ірі заттарды тасымалдауға ыңғайлы. Рейлингтер қозғалыста 150 кг-ға дейін және тұрақта 300 кг-ға дейін жүк көтереді, төбесіне жүк қорабын немесе шатыр орнатуға болады.
Жинақтамасына қарай Jetour T1 панорамалық төбемен, қос қабатты алдыңғы әйнектермен, алдыңғы әйнек, руль және орындықтарды жылыту жүйесімен, алдыңғы орындықтарды желдетумен, екі аймақты климат-бақылау жүйесімен және орындықтарды электрлі реттеу мүмкіндігімен жабдықталған. Алдыңғы жолаушы үшін аяқты созып отыруға арналған арнайы тіреуіштер қарастырылған.

15,6 дюймдік орталық дисплей Apple CarPlay және Android Auto жүйелерін қолдайды. Жүргізушінің алдында диагоналі 10,25 дюймдік цифрлық аспаптар панелі орналасқан. Жоғары жинақтамада тоғыз динамигі бар Sony аудиожүйесі де ұсынылады.
Электронды көмекшілер қатарында бейімделгіш круиз-бақылау, автоматты тежеу жүйесі, соқыр аймақтарды бақылау, жолақта ұстап тұру және 540° шолу жүйесі бар. Көліктің шанағы жоғары берік болаттан жасалған.
T1-дің басты артықшылығы жабдықтар тізімінің ұзақтығында емес, олардың күнделікті өмірде қаншалықты пайдалы екенінде. Жылыту жүйелері суық мезгілде, толық жетекті жүйе жолсыз жерде, мықты қозғалтқыш тасжолда және таулы аймақтарда, ал кең салон отбасылық сапарларда қажет.
Қазақстанда Jetour T1 Adventure және Expedition жинақтамаларында ұсынылды. Бағасы 14 990 000 теңгеден басталады. Егер тек бағаны емес, көліктің нақты жабдықталуын да салыстырсақ, T1 өте қызықты нұсқа болып көрінеді. Басқа көліктерге қарағанда, толық жетекті жүйе, осындай мықты қозғалтқыш, сегіз сатылы автоматты беріліс қорабы және осындай жайлылық мүмкіндіктерін алу үшін көбіне қымбатырақ жинақтамаға көшуге тура келеді.

Ендеше Jetour T1-ді сатып алуға бола ма? Егер сіз саяхаттауды, отбасымен бірге жолға шығуды және қала сыртындағы жаңа жерлерге аяқ астынан барып қайтуды ұнатсаңыз, T1-дің мүмкіндігі одан да жақсы ашылады. Оның отбасына және заттарға жеткілікті кеңістігі, тасжол мен таулы жолдарға жететін қуаты және асфальт біткен жерде сапардан бас тартпауға мүмкіндік беретін толық жетекті жүйесі бар.
Бұл – сізді бір нүктеден екіншісіне жеткізіп қана қоймай, жолға жиі шығуға себеп болатын көлік. Жұмыс күндері ол жайлы әрі сабырлы көлік болса, демалыс күндері отбасыңызды көлге, тауға немесе әлеуметтік желідегі суреттен ғана көріп жүрген, көптен бері барғыңыз келген жаңа жерге алып бара алады. Егер көліктен тек практикалықты емес, әр сапардан жағымды эмоция алуды күтсеңіз, онда Jetour T1 қарастыруға тұрарлық көлік.
Толық ақпаратты jetour-auto.kz сайтынан және Қазақстан бойынша орналасқан Jetour ресми дилерлік орталықтарынан алуға болады.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады