Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мекенжайы бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар 23 тамызда қалай дауыс бере алады

eGov Mobile мен eGov
Фото: Stan.kz

Тіркеуі жоқ қазақстандықтар да 23 тамызда Құрылтай сайлауына қатыса алады. Ол үшін сайлау күні дауыс беретін учаскесінің мекенжайы бойынша бір күнге тіркелуге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, азаматтар өздері дауыс беретін учаскенің мекенжайы бойынша бір күнге тіркеле алады.

Мұндай қызмет Қазақстан қалаларындағы 221 сайлау учаскесінде қолжетімді болады. Ол жерде ХҚКО қызметкерлері жұмыс істейді. Қызмет көрсету уақыты – 07:00-ден 20:00-ге дейін.

"Тіркеу тек дауыс беруге қатысу үшін рәсімделеді және келесі күні автоматты түрде жойылады", – делінген хабарламада.

Ал тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі бар азаматтар өз тіркелген мекенжайындағы сайлау учаскесінде дауыс береді.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 21 Тамыз, 2026 15:48