Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жанар-жағармай сорғы станциясы өртенді

Жанар-жағармай станциясы өртенді
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде жанар-жағармай айдайтын сорғы станциясы отқа оранды. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға кіріскенше, тілсіз жау 126 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 19 тамыз Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы 41-разъезде болған.

“ЖШС аумағында жанар-жағармай материалдарын айдауға арналған жеке тұрған бір қабатты сорғы станциясының ғимаратында өрт шықты.

Өрт аумағы 126 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірді”, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 21 Тамыз, 2026 10:54